НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым.Сирияның Африн қаласында әуе шабуылынан ірі ауруханалардың бірі жарылды, деп хабарлайды 24.kz .
Лаңкестік оқиғадан 13 адам қаза тапты. Кей ақпарат көздері мерт болғандардың саны 18 екенін хабарлайды. Жараланғандар жайлы нақты ақпарат жоқ. Марқұмдардың арасында екі медицина қызметкері бар. Атыс-шабыс үкімет әскері мен күрдтер жасақтары арасында болған екен. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
Көптеген адам мерт болды. Екі медбикемізден айырылдық. Аурухана ғимаратының тас-талқаны шықты. Науқастардың көбі шұғыл эвакуацияланды. Қазір олар жақын маңдағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл жерде жұмысты жалғастыру мүмкін емес», — деді Аш-Шифаа ауруханасының басшысы Хасан Аднан.