НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Сомалиде «Аш-Шебаб» террор ұйымына қарсы ұйымдастырылған операцияда кем дегенде 50 сарбаз залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Сомали армиясы 11 маусымнан осы таңға дейін Хиираан аймағында террор ұйымдарына қарсы операция ұйымдастырылғанын жариялады.
Операцияда кем дегенде 50 сарбаз залалсыздандырылды және террористтің тығылған орындары күйретілді.
«Аш-Шебаб» аймақта үнемі қауіпсіздік күштері және елді мекендерді нысанаға алып, шабуыл жасауда.
Осы таңға дейін жүргізілген операцияларда 6 ауыл «Аш-Шебаб» террор ұйымынан тазаланды.