Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

“Қарасора-2021”: Қостанай облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заты тәркіленді

ҚОСТАНАЙ, 15 маусым. Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты. Осы мақсатта Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған.

Гаражда тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 грамм “мефедрон” психотроптық заты бар 446 zip-пакетті тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Гараждан есірткі заттарының өндірісі мен орамасына арналған кофе тартқыштар, электронды таразы, 94 жаңа zip пакеттері, этил спирті, полиэтилен пакеттері тәркіленді. Ер адамның өзімен бірге 84 мың теңге ақшалай қаражаты болған.

Рудный қаласы ПБ бастығы Алим Баикқбаевтың айтуынша, аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде (Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, қайта өңдеу, сақтау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған ер адам мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Анықтама: “қара” нарықта тәркіленген есірткінің құны 15 миллион теңгеге бағаланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап “Қарасора-2021” Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, оның негізгі мақсаты есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *