Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғаныстанның Балх провинциясында болған шабуылда 4 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым.  Девлет Абад ауданында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда  4 адам қаза тапты, деп TRT  сілтеме жасап ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Ауғанстанның Балх провинциясының Девлет Абад ауданында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда  4 адам қаза тапты.

Девлет Абад ауданының әкімі Джелалеттин Каризаде аудан орталығындағы қауіпсіздік басқармасы ғимараты маңында бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Шабуылда 3 адам және бір қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын, 1 адамның жарақат алғанын білдірген Каризаде шабуылдың ықпалымен аймақтағы үй мен мемлекеттік ғимараттардың зақымдалғанын түсіндірді.

Ауғанстанда мамыр айының басынан осы таңға дейін шетелдік күштерінің шегінуімен оқиғалар артты.

Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік кеңесі өткен апта Талибанның мамыр айында 1455 шабуыл жасағанын жариялаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *