АҚТАУ, 17 маусым. Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері алдын алу жұмыстар барысында қаруы бар тәртіп бұзушыларды анықтап, ұстады, деп хабарлайды «Северная газета».
Операция Ақтаудың өндірістік аймағында өтті. Қызметкерлер арасында тінту жұмыстары жүргізілді. Жұмысшылардың бірінен көптеген түрлі қару-жарақ бар екені анықталды: бита, револьвер, электр есеңгіреткіш, қанжар, винтовка. Барлық заттар тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалды, барлығы сараптамаға жіберілді.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның деструктивті діни ағым жақтаушысы екені белгілі болды. Мұның бәрі «Қару» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.