Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғаныстанның үкімет күштері бір ауданды қайтарып алды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Ауғанстанда 8  маусым күні Талибанның билігіне өткен Фариаб уәлаятының Девлетабад ауданын үкімет күштері қайтарып алды, деп TRT хабарлайды. 

Фариаб полициясының хатшысы Керим Юриш қауіпсіздік күштерінің ауданды алу үшін операция жүргізгенін білдірді.  Операция нәтижесінде Девлетабад ауданының орталығы Талибаннан алынды. Операцияда көптеген Талибан сарбазы өлтірілді.

Хатшы Талибан сарбаздары мен қауіпсіздік күштері арасында аудан орталығына алыс жерлерде қақтығыстың жалғасып жатқанын айтты.

Соңғы рет екі күн бұрын елдің солтүстігіндегі Саяд ауданы Талибанның қолына өткен болатын. Екі ауда ел көлемінде он бес ауданды Талибан сарбаздары басып алған еді.

БҰҰ деректеріне қарағанда, қала орталықтарын санамағанда елдің 50-70 пайызы Талибанның қолында.

Елдің 34 қала орталығы толығымен мемлекеттің қолында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *