НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Хама провинциясының солтүстік-батысындағы Джурин ауылында ер адам мен оның қызы Идлиб провинциясында орналасқан лаңкестердің зымырандық шабуылдарынан жарақат алды, деп SANA агенттігі хабарлайды .
SANA агенттігі тілшісінің айтуынша, содырлар ауылға 5 зымыран снаряд атқан, соның салдарынан екі адам жарақат алған. Олар Хама қаласының Ұлттық ауруханасына жеткізілді. Қыздың жағдайы өте ауыр.
Сонымен қатар, жеке меншікке зиян келтірілді.