Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Малидің солтүстігінде содырлар француз әскерилеріне шабуылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Бархан» операциясының құрамындағы француз әскери қызметшілері дүйсенбі күні Малиде белгісіз содырлардың шабуылына ұшырады. Бұл туралы Radio France internationale-ге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп ТҚК РҚБ  ресми сайты жазады.

Оқиға елдің солтүстігінде, осы аймақтың басты қаласы Гаоның оңтүстігіндегі Госси ауылында болды. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, динамитке толы автокөлік француз әскерлерінің бекінген бекетіне соғылып, жарылған. Жарылыс нәтижесінде көлік басқарған жанкештілер қаза тапты, кем дегенде үш француз әскери қызметкері жараланды.

Госси ауданында «Бархан» операциясы күштерінің үлкен базасы орналасқан, ол жерден Буркина-Фасо шекарасына дейін терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі.

Жуырда Франция президенті Эммануэль Макрон Париждің Сахельдегі «Бархан» әскери операциясын аяқтап жатқанын және оның орнына халықаралық антитеррорлық альянс болатынын мәлімдеген.

2014 жылдың тамызында Франция Мали, Буркина Фасо, Мавритания, Нигер және Чадтағы исламшыл топтарға қарсы күресу үшін «Бархан» операциясын бастаған. Бұл француз әскерилері 2013-2014 жылдары Малиде өткізген «Сервал» операциясының жалғасы болды. Францияның Қарулы Күштер министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі науқанға 5000-нан астам адам қатысуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *