Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерия әскері «Боко харамның» 20-дан астам содырын залалсыздандырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Боко Харам» тобының 20-дан астам мүшесін елдің солтүстік-шығыс аймағындағы лагерлерінен шығару операциясы кезінде жойды. Бұл туралы Нигерия армиясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады.

Армияның ресми өкілі Онием Нвачукву өз мәлімдемесінде жақында әскери күштер солтүстік Борно штатындағы Ламбуа орманымен қоршалған Вартек ауданында орналасқан содырлар лагерін тас-талқан еткенің атап кетті.

Оның айтуынша, әскерилер сенімді барлау ақпараттары негізінде әрекет еткен. Нигерияның әскери әуе күштерінің қолдауымен жүргізілген операция барысында олар орманның ішіне қарай  енген.

 «Ержүрек әскери жасақтар құрлықтан да, ауадан да күшті атқылау арқылы 20 — дан астам содырды жойып, террористердің позицияларын басып алды», — деді О.Нвачукву.

Олар сондай-ақ содырлардан ауыр әскери техникасын тәркіледі, деп қосты әскери өкіл.

«Боко Харам» құрылғаннан бастап он жылдан астам уақыт ішінде Нигерия, Чад, Нигер және Камерунның қауіпсіздігіне қатер төндіріп, Чад көлінің бассейніндегі бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасады .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *