Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Приморье өлкесінің тұрғыны экстремистік қызметке шақырғаны үшін 2 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Приморье өлкесіндегі Красноармейск аудандық соты жергілікті тұрғынды полицияға күш қолдануға шақырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрады. Сот қылмысты жасағаны үшін О. кінәлі деп танып, <…> электронды немесе ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде интернетті пайдалана отырып, сайттар мен арналарды басқару байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. О. жазасын қоныс-колониясында өтейді деп анықталды», — делінген сот хабарламасында.

Ер адам Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 280-бабының 2-бөлігімен (« Экстремистік қызметке жария түрде шақыру») қарастырылған қылмыс жасағаны үшін сотталды .

2021 жылдың қаңтарында Ресейдің Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Приморье өлкесінде әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерін өлтіруге шақырған бейнероликтер орналастырған адамды ұстады. TikTok желісінен жарияланған бейнежазбаларда мас адам партизандық топтарға жиналып, полиция қызметкерлерін өлтіруге шақырады. Новопокровка ауылының 42 жастағы тұрғыны бұған дейін үш рет сотты болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *