НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Могадишодан келіп түскен хабарлар бойынша, Сомали үкіметінің күштері елдің оңтүстігіндегі әскери базада «Аш-Шабабтың» 24 содырын өлтірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі .
«Аш-Шабаб» содырлары сенбі күні кешке әскери базаға үш рет шабуылдамақ болды, деп хабарлады үкімет армиясы. Үкімет әскерлері шабуылдардың бетін қайтарып, 24 содырды жойып, қаруды тәркілей алды.
Құжатта армия Сомалідің орталық және оңтүстік бөліктерін «Аш-Шабаб» содырларынан тазартуды жалғастыра беретіндігі атап көрсетілген.