Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан бес адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Сейсенбі күні кешке Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының тынышсыз Миванд ауданында жолаушылар автобусы жол бойындағы минаға ұрынып, бес адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті полиция өкілі Джамал Барикзайға сілтеме жасап Синьхуа  агенттігі хабарлады.

«Миванд ауданындағы жолға содырлар орнатқан минаға сейсенбі күні кешке жолаушылар автобусы ұрынды. Нәтижесінде бес жолаушы, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза болды, тағы 18 адам жарақат алды», — деп дереккөз  тергеу жалғасып жатқанын қоса хабарлады.

Соңғы екі аптада Миванд аймағында үкіметтік күштер мен «Талибан*» қозғалысы содырлары арасында қиян-кескі қақтығыстар болды .

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *