Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Қытай СІМ өкілдері терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым. Бейнеконференция форматында Қазақстан мен ҚХР сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар және Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысы өтті, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шараларда қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, қытайлық делегацияны ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчен басқарды.

Саяси консультациялар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі жоспарланған іс-шараларды, COVID-19 індетімен күресу шеңберіндегі өзара іс-қимылды, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай екі ел шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысын, әуе қатынасын қайта бастау мен өзара виза беру мүмкіншілігі талқылады.

Тараптар екіжақты, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК және ШЫҰ халықаралық және өңірлік құрылымдары шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысында киберқауіпсіздік, «үш зұлымдық» күштерімен күрес (терроризм, сепаратизм және экстремизм), трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті мемлекеттік органдардың практикалық өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ қорғаныс ведомстволарының кадрлар даярлау және бірлескен әскери оқу-жаттығулар саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі мәселелер талқыланды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша тараптар достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту бағытына белсенділігін растады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *