НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым. Ауғанстанның 13 провинциясында қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысы бөлімшелері арасындағы қақтығыстарда бір тәулікте 221 талибан өлтіріліп, 88-і жарақат алды, деп бейсенбі күні Ислам Республикасының Қорғаныс министрлігіе сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады.
Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың Кунар, Газни, Кандагар, Урузган, Забул, Фарах, Гор, Балх, Фарьяб, Гильменд, Нимруз, Кундуз және Бадахшан провинцияларында болғанын атап өтті.
Ұрыс аймақтарында 29 жарылғыш құрылғы залалсыздандырылды.
Сонымен бірге, «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның 3 жаңа аймағын бақылауға алғанын хабарлады.
Ауғанстаннан американдық әскерлерді шығару аясында тәлібтер тек соңғы айда елдің 60 аймағынан үкіметтік күштерді шығарды.
БҰҰ мәліметтері бойынша, «Талибан» қозғалысы қазірдің өзінде Ауғанстан аумағының 50-70 пайызын бақылайды.