Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Римде ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция министрлер жиналысы басталды

НҰР-СҰЛТАН,  28 маусым.  ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция министрлер жиналысы Италияның қонақжайлығымен бас қала Римде басталды, деп TRT хабарлайды. 

ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция министрлер жиналысы Италияның қонақжайлығымен бас қала Римде басталды.

Италияның Америка Құрама Штаттарымен (АҚШ) бірлесіп өткізген және 80-нен астам ел мен халықаралық ұйымнан өкілдер қатысқан ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция министрлер жиналысы Рим көрме орталығында естелік фотосурет түсірумен басталды.

Жиналысқа Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна қоса Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Италия Сыртқы істер министрі Ди Майо жиналыстың ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында «ДАИШ өз аумағын жоғалтуы тұрғысынан жеңіліске ұшырады, бірақ оны жою мүмкін болмады. Әлі көп нәрсе істеу керек. Сондықтан Италия Ирактағы НАТО миссияларына қатысуды көбейтуді жоспарлауда» деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен болса бүгін маңызды бір іс-шара үшін бас қосқандарын атап, «ДАИШ-ке қарсы айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Бірақ әлі де көп нәрсе жасау керек» деді.

ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция отырысынан кейін Италия Сыртқы істер министрі Ди Майо және американдық әріптесі Блинкен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбек.

Екінші жағынан ДАИШ-ке қарсы Халықаралық коалиция жиналысының артынан министрлердің шектеулі қатысуымен Сирия тақырыпты жиналыс өткізуі күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *