Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теракт кезінде не істеу керектігін мектеп қызметкерлері мен оқушылар  үйренеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым.  Ішкі істер министрлігі мұғалімдер мен оқушыларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет етуге үйретеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол төтенше және апатты жағдайларда мұғалімдер мен оқушылардың әрекет ету алгоритмін енгізу жұмысын жеделдету қажет екенін айтты.

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп қызметкерлері мен оқушылар үшін тұрақты арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Соның барысында оларға теракт, шабуыл, өрт, жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі үйретіледі», — деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар, айтуынша, мектептердің қорғанысын күшейтумен қатар осындай талаптарды балабақша, колледж, жоғары оқу орындарында да жүзеге асыру керек.

Министр қысқа мерзімде мектептердің антитеррорлық қорғауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту қажет екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, 11 мамырда Татарстанның Қазан қаласында мектепте қайғылы оқиға болды. Таңертең 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназияда оқ жаудырды. Мектепте 700 адам болған. Жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *