Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Орталық Африка Республикасында содырлар үкімет күштеріне шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде.  Конго Демократиялық Республикасының шекарасына жақын орналасқан Орталық Африка Республикасының (ЦАР) оңтүстігіндегі Алиндао қаласының маңындағы әскери бөлімдерге содырлардың жасалған  шабуылынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse (AFP)  сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Көтерілісшілердің ең ірі топтарының бірі – «Орталық Африка Республикасындағы бейбітшілік одағы» содырлары Алиндаодағы бақылау бекеттері мен үкіметтік күштердің лагерьлеріне бір уақытта бірнеше рет шабуыл жасады, — деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Африка Республикасындағы көпсалалы тұрақтандыру миссиясының (MINUSCA) өкілі Абдулазиз Фалла. –Қақтығыстар жеті адамның өмірін қиды».

МИНУСКА өкілі болған қақтығыстардың егжей-тегжейін келтірмеді және келтірілген шығындардың қай тараптан тіркелгенін көрсетпеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *