Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысында оңалту іс-шарасы нәтижесінде теріс ағымды ұстанған 86 адам дәстүрлі дінге оралды

АТЫРАУ, 02 шілде. Атырау облысында теріс ағымды ұстанған 86 адам дәстүрлі дінге оралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 мәрте теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.

«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі діни бағытқа қайтарылды. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар», — дейді Қайролла Көшқалиев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *