НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Ирактың бас қаласы Бағдатта АҚШ елшілігі орналасқан «Жасыл» аймаққа 3 зымыранмен шабуыл жасалды, деп TRT хабарлайды.
Ирак үкіметіне қарасты Қауіпсіздік медиа желісі жасаған жазбаша мәлімдемесінде түннің ішінде «Жасыл» аймаққа 3 «Катюша» зымыраны атылғаны білдірілді. Шабуылдың жауапкерлерін ұстау үшін барлау жұмыстарының жалғасқаны атап көрсетілді.
Ирактың Анбар мен Эрбиль қалаларында АҚШ әскерлері қонған әскери базаларға зымыран және жарылғыш заттар тиелген дрондармен шабуыл жасалғаны алға тартылуда.
Шабуылдарды Иранға жақын шиит қарулы топтарының жасағаны болжалуда.