НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибан»* радикалды қозғалысының содырларымен қақтығыс салдарынан төрт полиция қызметкері қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС сенбі күні 1TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, қақтығыстар кеше кешке Гельменд провинциясындағы Лашкаргах қаласында болған.
Оқиғаның егжей-тегжейі келтірілген жоқ.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым