НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстан үкіметтік күштері бір тәулік ішінде 200-ге жуық содырдың көзін жойды, деп республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Талибан*» қозғалысының жүз тоқсан бір террористі өлтірілді, 154-і жараланды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қолдан жасалған 14 жарылғыш құрылғы табылып, залалсыздандырылды.
Әскери операциялар Пактия, Гильменд, Ганзи, Хост, Кандагар, Нимруз және Такар провинцияларында жүргізілді.
Ауғанстанда ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға қарсы шабуыл бастаған тәліптер мен үкіметтік күштер арасындағы қарама-қайшылық күшейді
Тұрақсыздық АҚШ әкімшілігінің республикадан әскерлерді шығаруды 11 қыркүйекке дейін аяқтауға уәде беруі аясында күшейіп келеді. 2020 жылы Вашингтон мен «Талибан» өкілдері Дохада 18 жылдан астам соғыстағы алғашқы бейбітшілік келісіміне қол қойды. Онда шетелдік контингенттің кетуі және тұтқындармен алмасқаннан кейін ауғанаралық диалогтың басталуы қарастырылған.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым.