Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шу қаласының тұрғынынан 42 келіден астам марихуана тәркіленді

ТАРАЗ, 14 шілде. Шу қаласының тұрғынынан полицейлер 400 мыңнан астам доза есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тасөткел ауылынан үш шақырым жерде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында одан жалпы салмағы 42 келі 500 грамм “марихуана” есірткі заты табылды, тәркіленген есірткінің салмағы 400 мыңнан астам дозаны құрайды.

– Оның мекен-жайы бойынша ауласын тінту кезінде 10 дана өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі заттары 14 түп өсімдік “сора” екені белгілі болды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру деректері бойынша үй қожайынына қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *