НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде.Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) соңғы мүшесінің залалсыздырдырылғанға дейін күресетіндерін білдірді, деп TRT хабарлайды.
Президент, Әділет және даму партясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партияның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйледі.
Баяндамасында ертең 15 шілде төңкеріс әрекетінің 5-ші жылдығы болғанын еске салған Ердоған «Мәжілісіміз сол түні батыл тұғырымен ардагерлік атағына лайықты екенін тағы бір рет дәлелдеді. FETÖ-нің әлі елімізге шабуыл жасағасы келген мүшелері болғаны айқын» деді.
Ердоған «Басқа террор ұйымдарымен күресімізді қалай табанды түрде жалғастырсақ, FETÖ-мен де күресімізді солай табандылықпен жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.
Президент Ердоған «Мемлекетіміздің қауіпсіздігі енді шекарамызда емес, қауіптің болған жерінде басталуда» деді.