НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде.Колумбия билігі Панама мен АҚШ құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге 5,4 тонна кокаин тәркіледі, деп ӨзА хабарлайды.
Колумбия теңіз флотының хабарлауынша, тәркіленген есірткі көлемі 185 миллион долларға бағаланған.
Есірткі салынған сөмкелердің бір бөлігі Колумбияның жағалау қауіпсіздік күзеті қолға алған қайықтан табылған болса, ал тағы бір бөлігі жағаға жасырылған орыннан табылды.
«Егер бұл заңсыз өнім Америка Құрама Штаттарына немесе Еуропаға еніп кетсе, бұл 16 миллион доза осы елдердің көшелеріне енеді деген сөз. Бұл бүкіл әлемдегі халықтың денсаулығына әсер етеді», — деген Колумбия Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының өкілі.
Колумбия билігінің мәліметінше, бұл кокаин партиясы Колумбияда есірткіге ең жоғары деңгейдегі күдікті болып табылатын Отоньель деген атпен танымал Диро Антонио Усуга бастаған «Клан дел Гольфо» қылмыстық тобына тиесілі болған.