Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Конгода кем дегенде 16 бейбіт тұрғын «Демократиялық күштер альянсы» содырларының қолынан қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Солтүстік Киву провинциясындағы Бени қаласының маңында «Демократиялық күштер альянсының» (ДКА) содырлары кем дегенде 16 адамды өлтірді. Бұл туралы AFP агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .

Жергілікті билік шабуыл бейсенбі күні кешке бейбіт тұрғындар базардан қайтып келе жатқан кезде жасалды деп мәлімдеді. Қаза болғандардың арасында алты әйел, тоғыз ер адам мен бала бар.

Демократиялық күштер альянсы 1995 жылы Угандаданың батысындағы мұсылмандық секта негізінде ел үкіметіне қарсы шыққан исламистік топ ретінде құрылды.БҰҰ мәліметтері бойынша, ДКА содырлары соңғы екі жылда КДР-ның шығысында 1,3 мыңнан астам бейбіт тұрғынды өлтірді.Конго қауіпсіздік күштері топ басшыларының халықаралық террористік ұйымдармен, соның ішінде Сомалидегі «Аш-Шабабпен» байланыс орнатқанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *