Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кремль: РФ «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығаруды жоспарламайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Ресей «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізілімінен шығаруды әлі жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы жұма күні журналистерге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады Анадолу агенттігі.

 «Әзірге бұл мәселеде ешқандай жаңалық жоқ. Өзгерістер болса, біз сіздерге хабарлап айтамыз», — деді ол журналистердің тиісті сұрағына жауап бере отырып.

Песковтың пікірінше, «Талибан» қозғалысы Ауғанстанда қуатты күшке айналды.

 «Біз үшін Ауғанстанда болып жатқан барлық жағдай біздің серіктестеріміздің шекарасының периметрі үшін, ең алдымен Тәжікстан үшін қауіп төндірмеуі маңызды», — деп толықтырды Кремль өкілі.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2003 жылы «Талибан» қозғалысын террористік ұйым деп таныды. Сол жылы Ресей «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізіміне қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *