Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО тұрғынынан “экстракционды апиын” есірткі ерітіндісі тәркіленді

ӨСКЕМЕН, 23 шілде. Шығыс Қазақстан облысында ер адамнан есірткі заты бар медициналық шприц табылып, тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Бородулиха ауданының ПБ криминалдық полиция бөліміне Бородулиха ауылының 42 жастағы жергілікті тұрғыны жеке қолдануға арналған есірткі құралдарын сақтайтындығы туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тұрғын үйді және оған іргелес қора-қопсыларын тінту нәтижесінде ер адамнан есірткі заты бар медициналық шприц табылып, тәркіленді.

Маманның қорытынды актісіне сәйкес, тінту кезінде алынған медициналық шприцтегі сұйықтық “экстракционды апиын” есірткі ерітіндісі екені анықталды.

Айта кесек, 2,5 мл сұйықтықтағы “экстракциялық апиынның” құрғақ қалдығының салмағы – 0,0275 гр.

– Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері шамамен 14 грамм “апиын” есірткі заттарын тәркіледі, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *