Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ-ның арнайы өкілі мен РФ-ның СІМ басшысы Сириядағы жағдайды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде.  Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен Мәскеуде кездесу өткізді, оның барысында Сириядағы қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі талқылады. Бұл туралы Ресей СІМ баспасөз қызметінің сайтында хабарланды .

Хабарламада айтылғандай, тараптар COVID-19 пандемиясының аясында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, жан-жақты гуманитарлық реакцияның шұғыл міндеттеріне назар аударды.

 «Тиісті халықаралық күш-жігерді күшейту, әлемдік қауымдастықты Сирияның дағдарысын егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын толық қалпына келтіруге негізделген саяси-дипломатиялық реттеудің баламаларының болмауы төңірегінде шоғырландыру мәселелері де қаралды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарында жазылғандай, БҰҰ-ның қолдауымен сириялықтардың өздері басқаратын және жүзеге асыратын саяси процесті ілгерілету перспективалары туралы пікір алмасты.

 «Тікелей сирияаралық диалогтың бірегей алаңы және сенімді нығайтудың маңызды шарасы болып табылатын конституциялық Комитеттің жұмысын алдын ала шарттарсыз және сырттан араласусыз жалғастыру қажеттілігі туралы жалпы пікір айтылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Г.Педерсен мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары С.В.Вершинин арасында бөлек егжей-тегжейлі консультациялар өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *