НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Бағдаттағы жедел командалыққа сілтеме жасай отырып«Ас-Сомария Ньюс»ақпараттық агенттігі Ирак күштері ел астанасындағы Ар-Рашидия кварталында нақты барлау ақпараттарға негізделген қауіпсіздік жоспары аясында террористті ұстай алды деп хабарлады.Бұл туралы «SANA» агенттігі хабарлайды.
Ұсталған адамның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
Сонымен қатар, саперлер елордалық Аз-Зафарания кварталында қолдан жасалған жарылғыш затты залалсыздандырды.
Бұған дейін Ирактың құқық қорғау органдарының 19 шілдеде Багдадта 30 адамның өмірін қиған террорлық актіні жасаған және дайындаған күдіктілерді ұстау туралы хабарланған болатын
Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні кешке Ирак астанасының шығысындағы көбінесе шииттер қоныстанған Мадинат-Садрд ауданындағы базарда жарылыс болды. Сол сәтте ол жерде адамдар өте көп болды, өйткені көптеген ирактықтар балаларымен бірге барлық отбасыларымен мұсылмандардың басты мейрамдарының бірі Құрбан айтқа барлық қажеттіліктерін сатып алуға келген.Тергеу мәліметтері бойынша, 30 азаматтың өліміне және 50-ден астам адамның жаралануына алып келген ірі террористік актіні жарылғыш заттары бар белдікті киген жанкешті жасаған.