НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Хасаке провинциясында АҚШ күштері қолдаған «Касад» топтарының бақылауындағы «Әл-Хол» босқындар лагерінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды SANA жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Ақпарат көздері үш бейбіт тұрғынды, оның ішінде бір әйелді, бәсеңдеткіші бар тапаншамен атып өлтіргенін айтып, лагердегі бейберекетсіздік пен сенімсіздікке байланысты мұндай оқиғалар үнемі қайталанып отыратынын хабарлады.