Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның арнайы қызметтері Иракта КЖП-ның аса қауіпті террористін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Түркияның ұлттық барлау ұйымы (MIT) тағы бір сәтті операция жасады, оның барысында Ирактың солтүстігінде аса қауіпті террорист «Сердар Пир Авеста» лақап атымен танылған Хакан Атеш жойылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Түркияның қауіпсіздік құрылымдарындағы ақпарат көздеріне сүйенсек, Атеш Ирактың Хакурк ауданындағы террористердің «логистикалық операциялары үшін жауапты» болып саналды.

MIT қызметкерлері 2015 жылдың маусым айынан бастап Ирактың солтүстігінде әрекет еткен террористке бақылау жасауды ұйымдастырған.

Атеш 22 маусымда Хакурктағы Бирким ауылының маңында залалсыздандырылды.

Атеш террористік шабуылдарды ұйымдастыруға қатысқан және КЖП құрамын жаңа содырлармен толықтырылуын қадағалағаны туралы хабарланған.

КЖП содырлары Түркиядағы жағдайды тұрақсыздандыру және елді бөлшектеу үшін қантөгіс шабуылдар жасайды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *