НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Сомали ұлттық армиясы бүгін исламистік «Аш-Шабаб» тобына қарсы күресті күшейтіп, орталық Хиран провинциясындағы қауіпсіздік операциясы кезінде 15 содырдың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Операцияны басқарған командир нақтылағандай, Хиран провинциясының Матабаан ауданында орналасқан Мадхой ауылында жүргізілген операциялар кезінде 15 содырдың көзі жойылды.
Сомали қарулы күштерінің хабарлауынша, үкіметтік күштер көтерілісшілерді орталық аймақтағы жасырын жерлерінен шығару операциясын сәтті өткізді.
Соңғы күндері үкіметтік күштер орталық аймақтардағы «Аш-Шабаб» экстремистеріне қарсы операцияларды күшейтті, бірақ содырлар осы аймақтардағы ауылдық жерлерде жасырынып, тосқауыл қойып, мина орнатқан.