Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бағдадтағы «Жасыл аймақ» зымыран соққысына ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Ирактың бас қаласы Бағдатта АҚШ елшілігін нысанаға алған зымыран шабуылы жасалды, деп TRT хабарлайды. 

Ирак БАҚ-тарының хабарына қарағанда Бағдадтағы қорғалған Жасыл аймақта орналасқан АҚШ елшілігі маңына екі рет зымыран шабуыл жасалды.

Айналадағы көліктерге зақым келтірген шабуылда құрбандар бар-жоқтығы туралы ақпарат берілмеді.

Ирак үкіметінен бұл тақырыппен байланысты ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Соңғы кездері Ирактағы АҚШ нысандарына жиі шабуылдар жасалуда. Бұл шабуылдарды Иранға жақын шиіт қарулы топтардың жасағаны алға тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *