НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде. Навои әуежайында кеденшілер Өзбекстанда тыйым салынған деп танылған діни әдебиеттерді әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
26 кітап салынған төрт қорап куәгерлердің қатысуымен мұқият тексерілді. Қораптар Түркиядан келгені белгілі болды, деп жазады УзА.
Қазір жүк уақытша сақтау камерасына жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік: үкіметтің қаулысына сәйкес, Өзбекстан аумағына діни материалдардың әрбір атауының үш данадан астамын өз қажеттіліктері үшін тек сараптамадан кейін ғана әкелуге болады.