ТҮРКІСТАН, 06 тамыз. Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастамасымен Жастар орталығы жанындағы еріктілермен бірге шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Түркістан қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғаларынан синтетикалық есірткілердің жарнамаларының граффити-жазбаларын өшіру және алып тастау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 40 есірткі жазбасы өшірілді.
Сондай-ақ есірткі жарнамалары жарияланған аумақтар УПИ шақырылып, оларға есірткілердің жарнамасын жасау жайттарына байланысты жұмысты күшейтуді және кінәлі азаматтарды ҚР ҚК-нің 299-1-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жауапкершілікке тарту туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.