Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Саяси шолушы Медведев: содырлардың уәделеріне сенуге болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Тәлібтерге сенуге бола ма? Орталық Азия қаншалықты қорғалған және Ауғанстандағы жағдай оған қандай қауіп төндіруі мүмкін? Осы және аймақтағы жағдайға қатысты сауалдарға Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясының саяси шолушысы Андрей Медведев жауап берді, деп Sputnik Kazakhstan  жазады. 

Ауғанстан президенті Ашраф Гани «Талибан» қозғалысының жауынгерлері бұрынғыдан қатыгез екенін мәлімдеді. Соңғы жылдары ұйым қалай өзгерді және оған қандай жағдайлар әсер етті?

Оның сөзінше, қазір елде күрделі жағдай қалыптасқан, ондаған жылдарға созылған соғыста халық шаршады. Алайда сыртқы саяси күштердің барлығы «үлкен ойыншылар». Олар «Талибанмен»* байланыс орнатып, елдің ресми билігіне қолұшын созуды қойды. Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмар егер «Талибан» аймақтағы терроризмді қолдаудан бас тартса, билік бітімгерлік туралы сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Ауғанстанның көп жылдан бері «Аль-Каида»* және Орталық Азия, Қытай мен Ресейдегі өзге террористік ұйымдармен ынтымақтастықта болғанын атап өтті.

Дипломаттың сөзінше, тәлібтер қазір де ынтымақтастық байланысты үзген жоқ, болашақта да оны үзуге ешбір негіз жоқ.

* «Талибан», «Аль-Каида» — Қазақстанда және өзге елдерде тыйым салынған террористік ұйым.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *