НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. Батыс Африка республикасы Буркина -Фасода содырлардың шабуылынан 12 әскери мен жандарм қаза болды, деп жергілікті Radio Oméga радиостанциясына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздің хабарлауынша, жексенбі күні елдің солтүстігіндегі Суру провинциясында қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаған. Жеті әскери және бес жандарм қаза тапты.
Буркина-Фасо қорғаныс және қауіпсіздік күштерінің (DFS) тағы жеті жауынгері хабар-ошарсыз кетті.