НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз. Ирак қарулы күштері елдің батысындағы Анбар провинциясындағы Ар-Рутба шөлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қалған ДАИШ* лаңкестерінің қудалау бойынша ауқымды операция бастады, деп хабарлайды САНА агенттігі.
Ирак қауіпсіздік күштерінің баспасөз қызметі ИРНА ақпарат агенттігіне бүгін Ирак армиясының бөлімшелері терроризмге қарсы қызметпен және жедел әрекет ету бөлімімен бірлесе отырып, барлаудың нақты мәліметтеріне сәйкес, әскери -әуе күштері мен армия авиациясының қолдауымен Ар-Рутба шөлінде кең масштабты операция бастағанын хабарлады.
Ирак күштері елдің әртүрлі аймақтарында операцияларын жалғастыруда, қалған ДАИШ лаңкестерін қудалап, олардың баспаналарын қиратты.
* ДАИШ (ИМ) — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым