НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері елде лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған халықаралық террористік ұйымның мүшесін ұстады, деп бүгін, 13 тамызда EADaily департаменттің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлады.
11 тамызда халықаралық террористік ұйымдардың белсенді мүшесі, 1983 жылы туған Қырғызстан азаматы ұсталғаны хабарланды.
2019 жылы ол бандалық құрамалар тарапынан қарулы қақтығысқа қатысу мақсатында Қырғызстаннан кеткені анықталды. Ауғанстандағы «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (бұл ұйымға Қазақстан Республикасында тыйым салынған) басшыларынан тапсырма алған соң, ол Қырғызстанда террористік сипаттағы зорлық -зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруды жоспарлады.
Ұсталған адам Баткен облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ұсталған адамның қылмыстық байланысын анықтау бойынша жедел шаралар кешенін жалғастыруда, делінген хабарламада.