Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлыбритания «Әл-Каида» ұйымының Ауғанстанда қайта құрылуынан қауіптенеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес Sky News телеарнасының эфирінде «Әл-Каида»* террористік тобының қайта жандану қаупі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТВЦ.

Ауғанстанда терроризмнің өршуіне АҚШ әскерінің кетуі себеп болды

 «Мен сәтсіздікке ұшыраған  мемлекеттер мұндай адамдар үшін қолайлы жер  болып табылады деп алаңдаймын. «Әл-Каида» қайтып келуі мүмкін», — деді әскери бөлім басшысы.

Ол сонымен бірге қазіргі уақытта Ауғанстан азаматтық соғысқа бет бұрып жатыр деп болжады.

Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып CNN америкалық әскерилер де «Әл-Қаида» ұйымының Ауғанстандағы позицияларын қалпына келтіруден қауіптенетінін хабарлаған.

Сонымен бірге, Вашингтон мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Ауғанстандағы «Әл-Қаида» содырларының саны 200-300 адамнан аспайды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *