НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз. Еуроодақ (ЕО) Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеф Боррель мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің ертең Ауғанстандағы жағдайды талқылау үшін бейнеконференция арқылы бас қосатынын жариялады, деп TRT хабарлайды.
Джозеф Боррель өзінің Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Ауғанстан тоғысқан жерде. Ауғанстан азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қоса халықаралық қауіпсіздік те маңызды» деді.
Боррель ЕО сыртқы істер министрлерінің ертең түстен кейін алдын ала бағалау үшін бейнеконференция арқылы кезектен тыс жиналатынын айтты.
АҚШ пен Талибан арасындағы 2020 жылдың ақпан айында жасалған бейбітшілік келісімі шеңберінде биыл халықаралық күштердің Ауғанстаннан шығу процесі басталды.
Келісімде шетелдік күштерге шабуыл жасамауға тиіс Талибанның Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қарсы ешқандай үкім қарастырылмады.
Талибан бір мезгілде маусым айынан бері қарқынды шабуылдарымен Ауғанстанда көптеген ауданды соңғы бір айда болса уәлаят орталықтарын жылдам басып алды.
Президент Ашраф Ғани және үкімет күштерінің бас қаладан шығуымен Талибан кеше президент сарай мен мемлекеттік ғимараттарды бақылауға алды.