НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Полиция Амур облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні жеткізуді ұйымдастырған Благовещенск қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігінің Амур облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
«Амур облысында, Амурмаңына аса ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізуді ұйымдастырған азаматтың қызметі тоқтатылды <…> Ол есірткіні облыс аумағында интернет арқылы және белгілі жерге қойып кету арқылы сатқан. Азаматтың осындай алты фактіге қатысы анықталды», — делінген хабарламада.
Күдікті Иваново ауданындағы автожолда есірткі заттарының жаңа партиясын алған кезде ұсталған. Ұстау кезінде одан 1 кг-ға жуық N — метилэфедрон, ал тұрғылықты жерін тінту кезінде — 300 граммнан астам мефедрон, 100 граммнан астам гашиш, таразы, буып-түю материалы табылып, тәркіленді.
Ұсталған адамға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 –бабының 3 –бөлігінде «Қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу» және Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1 бабының 5 5 –бөлігінде «Есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз өндіру, сату немесе жіберу» көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.Санкция өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаны қарастырады.