Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан қорғаныс министрі Ахмад Масуд: Біз Ауғанстанды тәліптерден азат етеміз

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Ауғанстанның Панджшер провинциясында Талибан радикалды қозғалысының жасақтары мен ауған сарбаздарының арасында қақтығыс жүріп жатыр. Ауғанстан қорғаныс министрі Ахмад Масуд Батыс елдерінен ауған сарбаздарына қару бер деп өтініш жасады. Ахмад Масудтың жасаған өтінішін Washington Post жарыққа шығарды, деп Адырна порталы жазады. 

Washington Post өзінің мақаласында Ахмад Шах Масудты ауған халқының ержүрек батыры, нағыз көшбасшы деп атады.
Ахмад Шах Масуд «Америка демократияның ұлы арсеналы, біз Америкаға сенеміз! АҚШ біздің елден кетсе де, бізге көмек бере алатынын сенеміз» деп үндеу тастады. Қазір Ахмад Шах Масудтың қол астында Ауғанстанның тәуелсіздігі үшін жанын қиюға дайын 10 мың сарбаз ұрысқа қатысып жатыр.
Ахмад Шах Масуд Ауғанстанның тәуелсіздік жолында ақырғы демім қалғанша күресеміз деп сарбаздарын жігерлендіруде.
Өзінің сөзінде Ахмад Шаха Масуд:
«Біздің рухымызды ешкім де құтала алмайды. Біздің әскери рухымызға ешкім де зиян келтіре алмайды. Бір Ауғанстанды тәліптерден азат етеміз. Бізге тек қару керек. Бізге әскери базалар керек» деді.
Ел президенті Ашраф Ғани елден кеткеннен кейін, Ауғанстанда Ахмад Шах Масуд бастаған ауғандық әскери күштер Талибандардың билігін мойындамай, өздігінен берілуден бас тартып, күресті жалғастырып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *