НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Сомалиде террор ұйымы Аш-Шабабқа бағытталған операцияда 25 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Сомали Коммуникация министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда елдің орталық аймағындағы Галмудуг уәлаятында Аш-Шабабқа қарсы операция жасады.
Операцияда ұйымның 25 террорист өлтіріліп, уәлаят қауіпсіздік күштерінің 5-і қаза тапты.
Мәлімдемеде елдің Галмудуг уәлаятында қауіпсіздік күштерінің Аш-Шабаб террор ұйымына бағытталған операцияларында да соңғы 2 айдың ішінде кейбір стратегиялық жерлердің бақылауға алынғаны білдірілді.