Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. «Талибан» ұйымы қайда және қалай пайда болды? Олар мұсылман ба? Мұсылман болса, қай мәзһабты ұстанады? Олардың шығу тарихы туралы не айтасыз?

«Талибан» араб тілінде «талиб» – ізденуші, шәкірт мағынасын білдіреді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Кеңес үкіметі коммунистік идеологияның аясын кеңейту мақсатымен Ауғанстанға басып кірді. Кеңес әскері коммунистік идеологияны қолдамаған дін адамдарын аяусыз қырып жойды. Осы кезде босқын болып Пәкістан жеріне қашқан Ауған жеткіншектері Пешевардағы Диобенттік бағыттағы Хаккани медресесінде білім алады.

Диобенттік мектеп – фиқһта ханафи мәзһабы, ақидада матруди мектебін ұстанады. Үндістанның Деобенд қалашығында 1866 жылы Рашид Ахмед Гангуһи және Мұхаммед Қасым Нанутеби құрған бұл мектеп ағылшын империализміне қарсы құрылған. Алайда, қозғалыс мүшелері ислам шариғатын қатқыл ұстануымен ерекшеленеді. Осы Деобенттік бағыттағы Хаккани медресесінде білім алған пуштун жастары (таліптер) 1989 жылы Кеңес Үкіметінің әскері кері шегінгенде, Ауғанстанның ішкі саясатына араласа бастады.

Таліптер өздерін «Алланың шәкірттеріміз» деп атайды. Олар таза шариғатты ұстану арқылы Ауғанстанда ислам мемлекетін құруды көздейді. Әйткенмен, халықаралық сарапшылардың көпшілігі Хаккани медресесінің артында АҚШ саяси технологтары тұр деп біледі.

Кеңес Үкіметі Ауғанстанды қанға бояп жатқанда, АҚШ қашқын жастардың басын біріктіріп, оларды діни идеологиялық тұрғыдан коммунистік билікке қарсы тәрбиелеу үшін Пәкістандағы Хаккани медресесін қаржыландырған. Тәліптер өсіп жетіле бастағанда, оларды қару-жарақпен һәм қаржымен қамтамасыз етіп, Ауғанстан саясатына араласуға үндеген. Кеңес Үкіметінің әскері 1989 жылы Ауған жерін тастап шыққаннан кейін билік басына келген моджахедтер мен тәліптердің арақатынасына жік түсіп, екі тарап бір-бірімен соғысуға мәжбүр болды.

Пуштун тәліптері 1995 жылы Ауғанстанның басым көпшілігін жаулап алды. Оларға Деобенттік мектептің өкілі Мохаммад Омар жетекшілік жасады. Әу баста Мохаммад Омар Қандағар қаласын тәліп қозғаласының орталығы етті. Кейін 1996 жылы Кабул қаласын басып алып, тәліптер Ауғанстан билігін қолына алды.

Мохаммад Омар Ауғанстандағы мемлекет жүйесін ислам шариғатына сай құрғысы келді. Мемлекеттің ең жоғарғы билік институты – «Ислам Шурасы» болды. Ал, мемлекет әмірі болып Мохаммад Омардің өзі сайланды.

Тәліптер билікке келе салып, қоғамдық қатынастарды ислам шариғатын сай реттейтін саяси жүйені енгізді. Ислам өмір салтынан өзге үлгілерді немесе зайырлы құндылықтарды тұтыну қылмыс болып есептелді. Қыздар мен әйелдер ниқаб киюге міндеттелді. Оладың қоғамда жұмыс істеуіне шектеу қойылды. Теле-радио жұмысына, музыка тыңдауға үзілді-кесілді тыйым салынды. Жалпы, ислам мәдениетіне жат саналған барлық құндылықтар харам деп есептеліп, оны тұтынған немесе жасаған адамдар қатаң жазаланды. Тәліп үкіметі Бамиан аңғарындағы II-V ғасырларда жасалған алып Будда ескерткіштерін қиратумен күллі әлемді үрейлендірді.

2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Әл-Кайда жетекшісі Усама бен Ладен Ауғанстанды келіп паналады. АҚШ үкіметі Ауғанстан басшысы Мохаммад Омардан Усама бен Ладенді ұстап беруді сұрағанмен, ол бұл ұсынысты қанағаттандырған жоқ. Нәтижесінде АҚШ және «Солтүстік Альянс» әскери күштері 2003 жылы Ауғанстан жеріне басып кіріп, тәліптерді биліктен тайдырды.

Дереккөз: Кazislam.kz 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *