НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Сирияның Азез ауданында бомбалы көлікпен ұйымдастырылған террорлық шабуылда 3 бейбіт тұрғын жараланды, деп TRT хабарлайды.
Азез аудан орталығындағы бір көшеде бомба тиелген көлік жарылды.
Жарылыста жараланған үш кісі ауруханаға жеткізілді.
Жаралыс себепті төңіректегі көліктер мен жұмыс орындары зақымдалды.
Оқиға болған жерде зерттеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың КЖП (PKK/YPG) тарапынан ұйымдастырылғанын мөлшерлеуде.