Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мұрат Абдушкуров: Тәлібтер босқын болып келе алады

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров Тәліптер босқындар атын жамылған эмиссарларын жібере алады деп мәлімдеді, деп Тәліптер босқындар атын жамылған эмиссарларын жібере алады
 astanatv.kz хабарлайды. 

Тәліптер босқындардың атын жамылып, өздерінің құпия адамдарын жібере алады. Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, осылай деді. Ол еліміздің арнайы қызметтері тәліптердің өз идеологияларын біздің елде таратуын тоқтатуға дайын болуы қажет екенін атап өтті. Қазақстан Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдермен шектесуі, қауіптің бар екенін, біз бұған өте жақсы дайындалуымыз керек екенін айтты.

«Босқындардың атын жамылып, 10-15 пайыз өз адамдарын жіберіледі. Олар біздің қоғамға, біздің өмірімізге сенім арқылы, ислам арқылы, радикалды ағымдар арқылы кері әсер етеді. Біздің қоғам бұған дайын емес. Біз өз территориясындағы ауған халқына емес, өз қандастарымызға көмектесуіміз керек. Ауған халқына шынымен де бейбітшілік жетіспейді. Ал Талибандардың мақсаты — өз идеологиясын тарату», — деді Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров

Қазақстанға Ауғанстаннан бүгін тағы 120 қызметкер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері көшірілді. Өткен аптада БҰҰ -ның жүзге жуық қызметкері қашықтықтан жұмысын жалғастыру үшін Кабулдан Алматыға жеткізілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *