Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан 4 адамның ісі әкімшілік сотқа жолданды

АТЫРАУ, 25 тамыз. Атыраудың 4 тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мониторинг жасау кезінде 4 адамның әлеуметтік желіге экстремистік сипаттағы аудио және видеофайлдарды жүктегенін анықтаған.

«Оның екеуі – 29 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудиофайлдар мен фотосуреттерді жариялап келген. Ал, 32 және 23 жастағы қала тұрғындары «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне аудиожазбалармен қатар, қоғамның діни тұтастығын бұзуды мақсат ететін фотосуреттер жариялаған. Бұл Қазақстан аумағында насихаттауға тыйым салынған жазбалар болып шықты», -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Осы деректерге қатысты алғашқы екі адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 490-бабы, 1-бөлігінің 3-тармағымен, ал, соңғы екеуіне 453-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *