Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулдағы жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы бейсенбі күні Кабулда болған екі жарылысты да мойнына алды, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.

CNN телеканалының мәліметіне қарағанда, бірінші жарылыс әуежайға кіреберіс маңда, екіншісі әуежайға жақын жерде орналасқан Barron қонақүйі жанында болған. Бұл ақпаратты Пентагон өкілі Джон Кирби растады.

Ауғанстан денсаулық саласының шенеуніктері жарылыстан кемі 60 адам қайтыс болғанын, 140 адам жараланғанын мәлімдеді. Қаза болғандардың арасында АҚШ әскерінің 12 мүшесі бар.

Reuters агенттігі АҚШ әскеріндегі дереккөзі сілтеме жасап, жарылысты жанкешті жасағанын хабарлаған.

Ауғанстандағы ToloNews телеарнасы жарылыс болған аймақтан ондаған адамның ауруханаға жеткізілгенін айтқан.

Ресми Вашингтон бұл шабуылдың артында «Ислам мемлекеті» террористік тобының Хорасан провинциясындағы өкілдері тұр деген. Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң «Ислам мемлекеті» Кабулдағы шабуылды өз мойнына алды.

АҚШ әскерилері Кабулда шабуыл жиілей ме деп қауіптенеді.

Кабул әуежайы маңындағы жарылыс АҚШ, Батыс елдерінің азаматтары мен ауғандар елден кету үшін жанталасып жатқан тұста болды. «Талибан» Ауғанстандағы билікті қайта қолға алған соң елден кетуге бел буған шетелдіктер мен ауғанстандықтар Кабул әуежайына ағылып, дүрлігу басталған.

Бұған қоса, «Талибан» АҚШ пен оның одақтастарына адамдарын 31 тамызға дейін Ауғанстаннан әкетуді талап еткен.

26 тамыз таңертең АҚШ пен оның одақтастары «қолда бар сенімді дәлелдеріне» сүйеніп, Кабул әуежайына террорлық шабуыл жасалу қаупі барын ескерткен. Бірақ бұл ескертуге қарамастан Кабул әуежайында көп адам болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *