НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Панджшердегі ұлттық қарсылық күштері төрт күннің ішінде «Талибан» террористік қозғалысының 350 содырын өлтіріп, қаруларын иемденгендерін айтты, деп хабарлайды «Адырна» АА РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Кеше түнде ұлттық қарсылық күштерінің жауынгерлері Панджшер алқабындағы аудандарды басып алуға тырысқан кезде 350 тәліп террорисін өлтірді. 300-ге жуығы жараланып, 35-і қамауға алынды», — делінген майдан мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұл аймақ Ауғанстандағы тәліптердің бақылауына өтпеген жалғыз провинция.